Науқан ұйымдастырушысы кім? (Компанияның заңды атауы.)
«ФудМастер-Трэйд Компаниясы» ЖШС.
Науқанға кімдер қатыса алады, кімдер қатыстырылмайды?
Науқанға кімдер қатыса алады:
Науқанға кімдер қатыстырылмайды:
Қатысушыларға жас мөлшеріне қатысты немесе басқа да шектеулер қойыла ма?
Науқанға 18 жасқа толған тұлғалар қатыса алады.
Науқанды өткізу мерзімі:
Науқан 1 сәуір мен 30 маусым аралығында өткізіледі.
Промо-орталықтар 27 сәуір мен 30 маусым аралығында жұмыс істейді.
Промо-орталықтардың жұмыс күндері: жұма, сенбі, жексенбі.
Жұмыс уақыты:
Супер-жүлделерді ұту ойыны 15 мамыр мен 15 шілде күндері өтеді.
Науқан қай қалаларда өткізіледі?
Науқан Қазақстан Республикасының барлық аумағында өтеді.
Промо-орталықтар Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан.
Науқанға қандай өнімдер қатысады (яғни, олардың қаптамасы/заттаңбасы қандай болуы керек?) Науқанға қатысу үшін не жасау керек?
Науқанға қатысу ережелері:
* «Фудмастер-класс» промо-логотипі қаптаманың (кефир, айран, ряженка) бүйірінде және қақпағында (қаймақ) орналасқан. Жарнама материалдарынан кесіп алынған промо-логотиптер
Промо-логотиптер таза, басқа бояумен боялмаған немесе басқа да бүлінулерсіз болуы керек.
** Пошта арқылы жіберілген промо-логотиптер ұтыс ойынына қатыстырылуы үшін хатта қатысушының ТАӘ, мекенжайын, телефонын көрсету керек. Қатысушы туралы толық ақпарат жазылған, пошта арқылы жіберілген промо-логотиптер тек супер жүлделерді ұту ойынына қатыстырылады, лездік жүлде алмайды.
Мен ұтып алғанымды қайдан білемін?
Қатысушылар промо-орталықта логотиптерді скретч-картаға ауыстырған кезде лездік жүлде алады.
Супер-жүлделерді ұту ойыны «ФудМастер-Трэйд Компаниясы» ЖШС-нің аумағында өтеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариустың міндетті түрде қатысуымен жабық режимде өткізіледі.
1. Барлық жеңімпаздармен компания өкілдері купонда/немесе хатта көрсетілетін байланыс деректері арқылы (телефон нөмірі) 1 апта ішінде байланысады.
2. Сондай-ақ жеңімпаздар тізімі компания сайтында (гиперсілтеме) жарияланып, Науқанның шұғыл байланыс желісіне жіберіледі.
Жүлделер қалай ойнатылады?
Жүлделер кездейсоқ таңдау тәсілімен ойнатылады. Купондардың барлығы барабанға салынады да кездейсоқ таңдау тәртібімен шығарылады.
Ұтыс ойынын өткізу тәртібін компания өкілдері мен тәуелсіз нотариус бақылайды.
Купон мен скретч-картаның және ұтыс ойынының сипаттамасы
Скретч-карта.
Скретч-карта деген не? Скретч-карта – бұл қорғаныс қабатында кепілдендірілген жүлде көрсетілген арнайы карточка. Скретч карталардың барлығында белгілі бір жүлделер болады (лездік жүлделердің тізімі №3 қосымшада көрсетілген)
Скретч-картаны қалай алуға болады? Скретч-карта промо-орталықта 10 Фудмастер-Класс промо-логотипіне айырбасқа беріледі. 10 промо-логотипке тек бір ғана скретч-карта беріледі.
Скретч-карта бойынша ұтып алған жүлделер қалай беріледі?
Егер сіз магнит немесе тамақ салуға арналған контейнер ұтып алсаңыз, онда лездік жүлделер промо-орталықта беріледі.
Егер сіз тұрмыстық техниканың бірін ұтып алсаңыз (блендер, мультипісіргіш, буға пісіргіш, аэрогриль, шырын сыққыш), жүлдені алу үшін мына құжаттардың көшірмесін өткізуіңіз керек:
Промо-орталықтағы промоутер құжаттарды алып, тізімдеме толтырып, жүлдені береді.
Егер өзіңізбен бірге құжаттарыңыз болмаса, сіз оларды барып кейінірек немесе басқа күні алып келуіңізге болады. Мұндай жағдайда промоутер сіздің деректеріңізді (ТАӘ, мекенжай, телефон) тізімдемеге енгізіп, тізімдемені скретч-картаға қыстырып қояды. Құжаттарыңызды әкелгеннен кейін оны жүлдеге ауыстырып аласыз.
Құжаттарды өткізудің қажеті не?
Құжаттар компания жүлде үшін салық төлеуге (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес) керек. Компания құжаттардың тек осы мақсатта ғана пайдаланылатындығына кепілдік береді.
Науқанда пайдаланылған скретч-картаны промоутер алып қалады.
Купон супер жүлделерді ұту ойынына қатысуға мүмкіндік береді.
Купон қандай жағдайда беріледі?
Купон 10 промо-логотипті промо-орталықтарға әкеліп, оны скретч-картаға айырбастаған барлық қатысушыларға беріледі.
10 промо-логотипке 1 купон беріледі.
Купон 2 бөлімнен тұрады. Екі бөлімінде де қайталанбайтын бірдей реттік нөмір бар. Бірінші бөлімі толтырылып, промоутерге беріледі, ол оны купондарды жинауға арналған қорапқа тастайды.
Екінші бөлігі (жыртылатын) қатысушыда қалады. Қатысушы жыртылатын бөлікті науқан аяқталғанша, ұтқан жағдайда көрсету үшін өзінде сақтауы керек. Жыртылатын бөлігі болмаса, жүлде берілмейді! (Промо-логотиптерді пошта арқылы жіберген қатысушылардан басқа).
Купондардың барлығы супер-жүлделерді ұту ойынына қатысады. Бірінші ұтыс ойынына (2012 ж. 15 мамыр) қатысқан купондар екінші ұтыс ойынына да қатысады.
Егер купон бірінші ұтыс ойынында ұтысты болса, онда ол екінші жүлделерді ұту ойынына (2012 ж. 15 шілде) қатыстырылмайды.
Купон мен скретч карта 10 промо-логотипке айырбасталып, тегін беріледі.
Егер қатысушы логотиптерді пошта арқылы жіберсе, онда ол тек қана супер-жүлделерді ұту ойынына қатысады (скретч-карта мен лездік жүлде алмайды). Қатысушы купонын компания өзі толтырады (ол үшін хатта ТАӘ, мекенжайын, телефонын) көрсетуі керек. Купонның жыртылатын бөлігі компанияда қалады.
Қандай жүлделер болады?
Жүлделер тізімі — № 3 қосымшада (гиперсілтеме) көрсетілген
Жүлделер жарнама материалдарындағы суреттерден ерекшеленуі мүмкін.
Жарнамасы/жүлделерді тапсыру сәті ТВ арқылы көрсетіле ме?
Телевидение арналарынан ТВ роликтер көрсетіледі. Жүлделерді беру біздің сайтта жарияланады, бірақ ТВ-да көрсетілмейді.
Жеңімпаздар тізімі бір жерлерде жариялана ма және шұғыл байланыс желісінде бола ма?
Жеңімпаздар тізімі компанияның сайтында жарияланады және шұғыл байланыс желісіне жіберіледі.
Жүлделерді қайдан алуға болады? (яғни промо орындардың, немесе дүкендердің, немесе компания филиалдарының тізімі, мекенжайлары, телефон нөмірлері, жауапты тұлғалары және жұмыс уақыты, ҚР аймақтағыларын қоса алғанда).
Жүлделер тек промо-орталықтарда беріледі (№1 қосымша). Супер-жүлделер жеңімпаздардың үйіне жеткізіледі (тегін).
Жүлденің орнына қолма-қол ақша алуға бола ма?
Жоқ.
Жүлделер қай уақытқа дейін беріледі?
Скретч-карта бойынша ұтқан жүлдені науқан аяқталғанша (2012 ж. 30 маусым) алуға болады.
Супер-жүлделер ұтыс ойыны өткеннен кейін 3 аптаның ішінде жеңімпаздарға тегін жеткізіледі.
Егер супер-жүлденің жеңімпазын Компания өкілдері бір аптаның ішінде анықтай алмаса, онда қайтадан ұтыс ойыны өткізіліп, жүлде басқа қатысушыға беріледі. Осындай түсініспеушіліктерді болдырмас үшін дұрыс деректерді қалдыру керек.
Мен жүлдені Науқан өткеннен кейін ала аламын ба?
Лездік жүлделер тек науқан өтіп жатқан кезде ғана беріледі.
Супер-жүлделер ұтыс ойыны өткеннен кейін 3 аптаның ішінде жеткізіледі.
Арыз-шағымдар мен ұсыныстарды айту үшін қайда хабарласуға болады?
Промо-науқанның шұғыл байланыс желісі 8 800 080 51 01
Жүлделер үшін салықты кім төлейді?
Салықтардың бәрін «ФудМастер-Трэйд Компаниясы» ЖШС төлейді. Супер-жүлделерді жеткізуді Компания тегін жүзеге асырады.
Өнімдеріңіздің көп мөлшердегі легіне қалай тапсырыс бере аламын?
(ҚР бойынша компанияның сату бөлімдерінің мекенжайлары мен телефон нөмірлері)
Филиалдардың мекенжайларын сайтынан көруге болады.
Егер қатысушы Алматы қаласында тұрмаса, жүлдені қалай алып кете алады?
Лездік жүлделерді промо-орталықтардан алып кетуге болады. Кепілдендірілген жүлделер жеңімпаздарға олардың тұрғылықты мекенжайына қарамастан жеткізіліп беріледі.